USD
USD
USD

Алматыда күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды

Алматыда тергеуге келген күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды.

Алматыда күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратында 22 қыркүйекте, кешке болған. Іс материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Қонысбаев 2016 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінен құны 230 млн теңге болатын грант ұтып алған.

Келісімшартта белгіленген қалған қаражатты қолдануға салынған тыйымға қарамастан Қонысбаев бөгде компаниялардың (аффилириленген) есепшотына 88 млн теңге аударып, нақты ақшаға айналдырып алған. Ал келісімге сәйкес уағдаласқан жұмыс оырндалмаған. 2020 жылы 22 қыркүйекте одан адвокатының қатысуымен күдікті ретінде сұрақ жауап алынды.

Ерлан Қонысбаевқа ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Тергеу барысында Ерлан Қонысбаевтың бұған дейін бір рет ауыр қылмыс бойынша істі болғаны анықталды.

Сондықтан, тергеуші ҚР ҚК 128-бабы бойынша уақытша оқшаулау орнына қамау туралы шешім шығарған болатын. Ұстау хаттамасы толтырылып, тінту жүргізіліп жатқанда Ерлан Қонысбаев 5-қабаттағы терезеден секіріп кеткен.

Жедел жәрдем келгенше ол көз жұмды Қазір ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы дерекке байланысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті