USD
USD
USD

Алматыда куәгерлер ұрыны қуған полиция көлігін видеоға түсіріп алды

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаған ер адамды қуып бара жатқан алматылық полицейлердің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда куәгерлер ұрыны қуған полиция көлігін видеоға түсіріп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте болған.

«Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері назарына «күмәнді көлік» түскен. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемеді. Полиция қызметкерлері көлікті қууға мәжбүр болды. Жылдамдықты асырған жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Үлкен Алматы айналма жолында ілеспе бағытта келе жатқан көліктермен соқтығысты.

Қауіпсіздік жастығы ашылғанда жүргізуші есінен танып, аяғы педальді басып қалған. Полицейлер автокөлікті ашып, ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысты. Әйнекті сындырып, көлікті тоқтатып үлгерді», – дейді полицейлер.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған ер адам Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұл факт ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі ("Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр», – деп қорытындылады ведомство өкілі.

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу