USD
USD
USD

Алматыда қозғалысты жүйелейтін портал іске қосылады

Алматыда төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне қалада жүруге рұқсат беретін жаңа портал іске қосылады.

Алматыда қозғалысты жүйелейтін портал іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, сайт 14 сәуірде іске қосылады. «Мегополистегі қозғалысты жүйелендіру үшін жедел штабтың шешімімен жаңа порталды іске қосамыз. Ертеңнен бастап кәсіпкерлерден ұсыныстар қабылданады. Негізі бұл портал жүйелі түрде біздің деректер қорына ақпарат жинайды. Бұған дейінгі деректер қорынан біраз адамдардың негісіз рұқсат алғаны анықталды. Сондықтан оны қайта жүйлендіруге тура келді»,– дейді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, порталдың ерекшелігі әрбір кәсіпкер ешқандай адамның қатысуынсыз-ақ электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ұсыныс бере алады. «Ол жерде кәсіпкер өз жұмысшыларының және автокөліктердің тізімін ұсынады. Егер ол ақпарат рұқсат етілмеген салада болса, портал оны өткізбейді. Бұл оның басты ерекшелігі және бәрі ешбір адамның қатысуынысыз жасалады. Егер кәсіпкер Мемлекеттік кірістер департаменті және басқа да мемлекеттік органдарға берген есептерінде көрсетілген қызметкерлерден саны көп болса оған шектеу қойылып, өткізбей қояды», – деп толықтырды Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, ол бұл шараның барлығы коронавирустың халық арасына таралуына жол бермеу тұрғысында адамдардың жүрісін шектеуге бағытталғанын атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті