2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда көз жұмған екі науқас туралы дерек

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты, - деп хабарлайды қала әкімдігі. 

Алматыда көз жұмған екі науқас туралы дерек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше, 20 сәуірде Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 524-ке жетіп, тағы екі адам қайтыс болды.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қайтыс болған екі науқастың жағдайы аса ауыр болатын.

"Оның біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі - 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған", - делінген хабарламада.

Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 436 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

"Екі науқастың жағдайы - өте ауыр, алтауының жағдайы - ауыр, 138 адамда - ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жағдайы - қанағаттанарлық. 84 науқас коронавирустан сауығып, емдеуден шығарылды. Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантин оқшаулауында 520 адам, үй карантинінде 9764 адам жатыр", - дейді әкімдіктегілер.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов