USD
USD
USD

Алматыда қосымша инфекциялық төсек-орындар ашылды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева қалада COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған қосымша төсек-орын ашылғанын айтты.

Алматыда қосымша инфекциялық төсек-орындар ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифинг барысында Сұлтанғазиева бүгінде қалада 7 045 төсек-орын барын, ал бірнеше күн бұрын олардың саны алты мың болған. Бүгінде инфекциялық стационарларда 4 852 адам жатыр. Жұқтыру дерегі өсуіне байланысты қосымша төсектер қойылды. Алда тағы үш мың төсек-орын қою мәселесі қарастырылып жатыр.

"Резервтегі төсек-орын оқу-клиникалық орталықтары сияқты жерлерде орналасады. Оның базасында қосымша 120 төсек орын бар. Сондай-ақ, Гончарная көшесінде фтизиопульмонология орталығы қосымша 100 төсек-орын орналастырды. Сонымен қатар, гуманитарлық-педагогикалық колледж ғимаратында 300 төсек-орын бар. Ертеңнен бастап ХАК медициналық орталығының базасында тағы 130 төсек орны ашылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, уақытша емдеу үшін басқа ұйымдар іздестіріліп жатыр. Қалада 700 реанимациялық төсек орны бар, олардың 310-ы толған. Реанимациялық төсек-орынның 44 пайызы толған.

Еске салайық, бұған дейін жатақханалар мен қонақүйлер жұқпалы аурулар стационары ретінде жабдықталғаны туралы хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев