Алматыда көшелердің бірі жабылады
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС қаладағы көшелердің бірі ертеңгі күнге дейін жабық болатынын өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады.
Алматы, NEGE. "Жетінші шілде сағат 12.00-ден сегізінші шілде сағат 9.00-ге дейін Құрманғазы көшесі бойымен Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде гидравликалық сынақтардан кейін апаттық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.