USD
USD
USD

Алматыда көшелер жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Медеу ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматыда көшелер жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 17:00-ден 26 қыркүйек  сағат 23:00-ге дейін Райымбек даңғылында Назарбаев даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін, Пушкин көшесінен Мақатаевтан Райымбек даңғылына дейін, Уәлиханов көшесі бойымен Райымбек даңғылына дейін, Қонаев көшесінен Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.

"203, 204, 207, 208, 220, 221, 222, 225, 228, 410 автобустар қозғалысы да өзгереді: Райымбек даңғылындағы Назарбаев даңғылы мен Пушкин көшесінің арасындағы барлық қоғамдық көлік шығыс бағытта жолайырықтың тоннель бөлігі арқылы өтетін болады.

Талғар, Есік аудандары мен Өтеген Батыр кентінің маңындағы жолаушылар үшін Райымбек-Назарбаев даңғылы, Райымбек-Жангелдин, Пушкин-Мақатаев, Гоголь-Назарбаев даңғылында соңғы пункттер болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті