USD
USD
USD

Алматыда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Алматыда - COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Соңғы тәулікте 77 жағдай тіркелді.

Алматыда коронавирустың жаңа штамы тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, стелс- омикрон штамының тіркелуіне байлансты, індет жұқтырғандар саны артты. «Маусымның 23 күні референс-зертханаға ПЦР нәтижесі оң болған 74 сынама жеткізілді, соның нәтижесі бойынша 58 (78,4%) сынама стелс-мутацияның, 16 сынама (22%) омикрон-мутацияның ықтималын көрсетті (толық-геномдық секвенирлік зерттеу жалғасып, растау күтілуде). Бұл нәтижелер бүгінгі таңда орын алып жатқан COVID-19 оқиғаларының өршуінің себепкері вирустың стелс-омикрон түрі екенін анықтады»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңға қалыптасқан қарқынмен COVID-19 ауруы жалғаса берсе, Алматы қаласы ДСМ коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының сары аймағына (белгілі шектеулерді қолдануға мәжбүрлейтін) көп ұзамай, 100 мың тұрғындық көрсеткіш 25,0–ге жеткенде, өтуі әбден мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу, болдырмау мақсатында қала тұрғындарын вакцинациялау мен ревакцинациялау қажет, әсіресе мүлдем вакцина алмағандарды. Ведомстводан атап өткендей, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы «жасыл аймақта» тұр, маусым айында барлығы 497 адамнан коронавирус анықталды.

Науқастардың көпшілігі, яғни бұл 275 адам, мүлдем екпе алмаған, 112-сі толық екпе алған, бірақ жарты жылдан кейін тиісті ревакцинациядан өтпеген. «Жалпы иммунитеті әлсірегендер мен жоқтар ауруға шалдыққандардың 84%-ын құрады. Бұл жағдай вакцинация мен ревакцинация алмағандар стелс-омикронына шалдығып жатқанына дәлел»,- деп қосты департамент өкілдері.

Сондай-ақ вакцинаны бір жылдан астам уақыт бұрын алғандардың да вирус жұқтыруы мүмкін. Стелс -омикронның әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға енетін қабілеті жоғары. «Бүгінгі таңға қалыптасқан қарқынмен COVID-19 ауруы жалғаса берсе, Алматы қаласы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының сары аймағына өтуі әбден мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу, болдырмау мақсатында қала тұрғындарын вакцинациялау мен ревакцинациялау қажет, әсіресе мүлдем вакцина алмағандарды»,- деп атап өтті ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси