USD
USD
USD

Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 10 науқас тіркелді

Мегаполисте коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркелуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 10 науқас тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, Алматыда вирусты қайта жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді. Оларда былтырғы жылдың жазында коронавирус инфекциясы симптомсыз өткен. Енді клиникалық белгімен өтіп жатыр.

«Бұл жағдай бойынша мәліметтер бірыңғай статистикалық есепке алынады», - деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта қаладағы сауда үйлері мен базарда халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізілетінін айтты.

«Қазір халықты вакцинациялау бойынша қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Онда вакцина салудың алгоритмі белгіленеді. Вакцина салдыруға келген адамда өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болу керек. Ал 21 күн өткен соң ол адам алғаш вакцина салдырған емханасына немесе уақытша екпе салу орнына қайта бару керек», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер