USD
USD
USD

Алматыда коронавирустан 79 адам емделуде

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді.

Алматыда коронавирустан 79 адам емделуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ​Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделуде. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). ​Жаңадан анықталған жағдай байланыста болған қатарынан.

Бүгінгі күні инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйел, біреуі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен ұшып келген. Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны – 13 адам, оның ішінде екеуі бала. ​Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. ​Екі күндік карантинде 446 азамат, үй карантинінде – 4411 адам.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu

Туризмнің игілігін ауыл тұрғындары да көруі тиіс – «Әділет» партиясы

.

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.