USD
USD
USD

Алматыда коронавируспен күреске 89,4 млрд теңге жұмсалды

Алматыда COVID-19-бен күресу үшін 89,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда коронавируспен күреске 89,4 млрд теңге жұмсалды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  «Алматы әкімдігі үшін - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдықтардың бірі. Коронавирус індетімен күресу үшін 89 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл тек бюджеттің ақшасы емес, бізге бизнес көмекке келді»,– деді Бақытжан Сағынтаев. Әкімнің айтуынша, бұл ақша жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына және жалпы қалалық зертханалық желіні орталықтандыруға жұмсалды. ПТР зерттеуінің тәуліктік қуаты 14 мыңға дейін ұлғайтылды, оны тәулігіне 25 мыңға дейін арттыруға болады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын күшейту бойынша шаралар қабылданды. Биыл қалада 11 дәрігерлік амбулатория салынды, келесі жылы тағы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Тжм