USD
USD
USD

Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

 Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. 

Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүктіліктің 39-аптасындағы әйел науқаспен байланыста болған адам ретінде Орталық клиникалық қалалық ауруханаға 13 сәуірде жеткізілген. Талдау нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны расталды. 15 сәуірде дәрігерлер кесарь тірлігімен әйелді босандырған. Дүниеге салмағы 3,5 келі ұл бала келді. Бұл әйелдің екінші баласы екен. «Баладан шұғыл түрде анализ алынды. Нәтижесінде вирус жұқтырмағаны анықталды. Қазір нәресте балалар бөлімінде жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Баланың анасының жағдайы жақсы. Жақында инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Дәрігерлер анасы жазылғаннан кейін ғана баласын бермек. 

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әзербайжан тарапы қазақстандықтарға әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан мен Әзербайжан туы