USD
USD
USD

Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артты

  Алматыда кейінгі екі аптада эпидемиологтар жүргізген талдауларға сәйкес, еңбекке қабілетті азаматтардың коронавирусты жиі жұқтыратыны анықталды.

Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы брифингте қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Оның сөзінше, 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім.

«14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ке өсті. Олар мектептер пен отбасыда инфекция жұқтырған. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі – 28%, 40-59 жастағылар – 22% және 60 жастан асқан адамдар – 23%», – деді Қалықова.

Ол сондай-ақ алматылықтардың вирусты сауда нысандары, қоғамдық көліктер мен отбасы ішінде жиі жұқтыратынын мәлімдей келе, коронавирус жұқтыру деректері жиілеген жерлерді атады.  Айтуынша, сауда орындарында, азық-түлік дүкендерінде, метро мен қоғамдық тамақтану орындарында, монша, саунада, дәріхана, демалыс орындарында ауру жұқтыратындар саны артқан.     

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан