USD
USD
USD

Алматыда коронавирус жұқтырған 63 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 752 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті. 

Алматыда коронавирус жұқтырған 63 бала ауруханада жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 230 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 178, симптомсыз – 52 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 57, келіп түскені – 56. Инфекциялық стационарларда 1 752 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 940), оның ішінде 63 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 130 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 55 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 25 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 899 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 621 науқас. 278 адамда коронавирус белгілері жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға