Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда коронавирус жұқтырған 49 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 660 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Алматыда коронавирус жұқтырған 49 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 28 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 216 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 93, симптомсыз – 33 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 121, келіп түскені – 91.

«Инфекциялық стационарларда 660 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730), оның ішінде 36 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 49 адам жатыр. Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1249 пациент бар.

Оның ішінде 1050 адамның бойында індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайдағы науқас. 199 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев