USD
USD
USD

Алматыда коронавирус жұқтырған 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 132 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Алматыда коронавирус жұқтырған 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 41 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 3 , келіп түскені – 5.

«Инфекциялық стационарларда 132 адам бар. (Төсек-орын 894) Оның ішінде 7 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 27 адам жатыр. Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 8 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 292 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 270 науқас. 22 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан