USD
USD
USD

Алматыда көпқабатты автотұрақтар салу жоспарлануда

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

Алматыда көпқабатты автотұрақтар салу жоспарлануда
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  "Азаматтар көбіне автотұрақтардың техникалық жағдайына, таңбалау мен арнайы сәйкестендіру белгілерінің жоқтығына, төлем жасау кезіндегі қателіктерге, тұрақ орындарының жеткіліксіздігіне және т.б. шағымдануда. Тұрғындардың өтініштері жан-жақты сарапталып, қарастырылған. Алдағы уақытта автотұрақтардың жұмысын жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады басқармада.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта халықаралық тәжірибені ескере отырып, ақылы автотұрақтардан түсетін қаражатты көшелер мен аулаларды абаттандыруға пайдалану арқылы қалалық автотұрақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.

"Сонымен қатар қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін қалада көпқабатты автотұрақтар салу басымдыққа ие болады", – деп хабарлады басқарма. 

Еске сала кетсек, "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС-нің 70% үлесін және "Алан паркинг" ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныстар енгізілген. Қос компания шаһардағы көлік тұрақтарының басым бөлігін басқарып келген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы