USD
USD
USD

Алматыда Конституция күні қалай тойланады

Алматыда қаласында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Алматыда Конституция күні қалай тойланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сол күні кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында үлкен концерт өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Соның ішінде "Мұзарт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және тағы басқа танымал әншілер бар.

Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады.

Сондай-ақ 29 тамызда басқа аудандарда мерекелік шаралар өтеді.

Әуезов ауданындағы салтанатты іс-шара (11:00, Family Park демалыс саябағы);

Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт (11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы (Шұғыла шағын ауданы, 347/4);

Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт (16:00-де, Атлетикалық ауыл аумағы);

Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт (17:00-де, MEGA Alma-Ata СОО амфитеатры);

Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама (18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша 6 оқушылар үйінің аумағы);

Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт (19:00-де "Гүлдер" саябағы, Серіков көшесі, 2а);

Ал Медеу ауданындағы Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында басталады. Мекенжайы: Гоголь көшесі, 1.

Алмалы ауданы да негізгі концертті 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өткізеді.

Сол күні Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс