Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда колледж кәсіподағы студенттердің шәкіртақысын жеп қойған

Алматы қалалық прокуратурасы студенттердің құқығын қорғады.

Алматыда колледж кәсіподағы студенттердің шәкіртақысын жеп қойған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала прокуратурасы колледждердің қызметіне студенттердің сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл санкцияларын салудың заңдылығына талдау жүргізді. Мониторинг көрсеткендей, Алматыда бірқатар колледж сабаққа қатыспағаны үшін студенттерге айыппұл салады, ал басқалары оларға тәртіптік жаза қолданады. Сонымен қатар, кейбір колледждердің нормативтік құжаттары студенттерге айыппұл санкцияларын қолдануды қарастырады. «Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшіліктері осы тармақтарды алып тастады. Қадағалау актісі бойынша колледжде оқитын 473 студенттің құқығы қалпына келтірілді, студенттерге салынған 3 млн теңге көлеміндегі айыппұл қайта өтелді.

Сонымен қатар, 4 мыңнан астам колледж студенттерінің шәкіртақысынан кәсіподақ 4,5 млн теңгені заңсыз ұстап қалғаны анықталды»,– деп хабарлады ведомстводан. Заңға сәйкес, кәсіподақтардың қызметі жұмыс берушінің алдында жұмыскердің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған. «Сондықтан қадағалау актісімен студенттердің стипендиясынан ұстап қалу және айыппұл санкцияларын өндіріп алудың заңсыз практикасы тоқтатылды. Студент жастардың құқықтарын сақтау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында»,– деп атап өтті прокуратурадағылар.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Светафор

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд