USD
USD
USD

Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа жыл қарсаңында олар Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғынына тиесілі Toyota Camry 70 көлігін ұрлап кеткен.

– Біздің бөлімше мен арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда арнайы іс-шараны жүргізді. Риддер қаласында негізгі айыпталушы – 42 жастағы Е.есімді азамат және оның сыбайластарының бірі ұсталды. Ал тағы екі күдікті Алматыда қолға түсті. Қаскөйлердің ұрланған көлікті Өскеменде жасырғандығы анықталды. Біздің мәлімет бойынша, олар қолайлы сәтті күтіп, көлікті сол жерде сатқысы келген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, қылмыстың бастамашысы бұрын мүліктік қылмыстар – ұрлық пен тонау жасағаны үшін үш рет сотты болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС