USD
USD
USD

Алматыда көлік аударылып, бес адам зардап шекті

Қатты  соққы алған Subaru Legacy маркалы көлігінің салонда бес адам болған, оның үшеуі – бала.

Алматыда көлік аударылып, бес адам зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Барлығы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы, NEGE. Жол апаты Наурызбай ауданында болған.

Subaru Legacy Алатау көшесімен келе жатқан. Сәбденов пен Ташкент көшелері арасындағы жаяу жүргіншілер өткеліне келгенде адам шығып қалады. Сол кезде жеңіл көліктің жүргізушісі тежегішті басады. Бірақ оның артында келе жатқан HOWO тоқтап үлгермеген, Бетон таситын жүк көлігі қатты жылдамдықпен Subaru-ды артынан соқты. Жеңіл көлік айналып,  аударылып кетті. Ондағы көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шеккен.

Subaru салонында бес адам болған. Үшеуі – бала. 2014 жылғы бір баланы дәрігерлер қарап, үйіне жіберді. Ал 6 және 4 жасар екі бала ересектермен бірге ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу