USD
USD
USD

Алматыда көлік айнасын ұрлады деген күдікті ұсталды

Алматыда көлік айнасы ұрлығының бірнеше дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда көлік айнасын ұрлады деген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медеу аудандық полициясының мәліметінше, екі күн ішінде 3 көліктің айнасы қолды болған. Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды.

– Бұрында осы іспеттес қылмыс жасағаны үшін сотты болған 37 жастағы күдікті құрықталды. Ол тек BMW, Lexus, Toyota Land Cruiser секілді қымбат көліктердің айнасына қызыққан көрінеді. Өйткені аталған көлік иелері бір уақытта шағым түсірді. Аталған қылмысты ашуға арнай жедел тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұрланған барлық көлік айналары қылмыстық іске айғақ зат ретінде тіркелді. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу изоляторына қамауға алынды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты