USD
USD
USD

Алматыда Көктөбенің аумағы өртеніп жатыр

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңсай тауының баурайындағы өртті сағат 18:56-да әрең дегенде ауыздықталған, өрт сөндірушілер бірден тағы осыған ұқсас шақырту бойынша Көктөбеге ары қарай аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Көктөбенің аумағы өртеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сағат 18: 58-де ТЖД-ның табиғи өрттерге ден қою жөніндегі жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үй жанындағы өртті сөндіруге жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша аттанды. Белгілі болғандай, тау баурайында құрғақ шөп өртенген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған болатын. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді.

Кейін өрт жекеменшік үйлерге қарай жылжығаны белгілі болды, бірақ құтқарушылар қауіпті оқшаулай алды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті