USD
USD
USD

Алматыда қоқыстан жасалған арт-нысандар көрмесі өтті

Алматыда қоқыстан жасалған құбыжықтардың шеруі өтті, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматыда қоқыстан жасалған арт-нысандар көрмесі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эко-арт жобасында суретшілер тұрмыстық қалдықтардан түрлі бейнелер жасап, оны қала жұртшылығының назарына ұсынды. Осы жоба арқылы Алматы үшін үлкен проблемаға айналған қоршаған ортаның ластануын  көрсеткіміз келді, - дейді ұйымдастырушылар.

Мұның бәрі ретсіз тұтыну, есепсіз пайдалану, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараудың нәтижесі. Іс-шараға сегіз ауданнан сегіз суретші командасымен қатысты.

Олар өз аудандарындағы халық көп баратын жерлерді аралап, ондағы қоқыс қалдықтарын жинап, «Пластикалық Афродита», «Қоқыс бике», «Мұнайдың баласы» және «Шұңқырдағы бақсы» сияқты құбыжық бейнелерді жасап шыққан. Эко арт жобасы қала күні аясында өтіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты