USD
USD
USD

Алматыда Көк базар сатушылары наразылыққа шықты

Алматыда Көк базардың 200-ге жуық сатушысы жалға алып отырған орындарының үш есе қымбаттауына байланысты наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Көк базар сатушылары наразылыққа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалға алып отырған сатушылардың сөзінше, бұған дейін олар шаршы метріне бес мың теңге төлеген болса, енді бұл сома 15 мың теңгеге көтеріліп кеткен. Базар әкімшілігі жаңа ереже 1 қарашадан бастап күшіне енетінін айтыпты-мыс. 

«Кеше басшылықтың баға көтерілетіні туралы қаулысы шыққаны хабарланды. Яғни олар бізбен кездеспеді, оны төлей аламыз ба, әлде жоқ па ақылдасқан да жоқ. Әрине, төлей алмаймыз, себебі барлық сатушының отбасы бар, басқа да шығындары бар. Бұрын 100 мың төлеп жүрсек, енді 300 мың төлемекпіз. Ал қазір сауда азайып кетсе, ондай соманы қайдан аламыз? Жаңа баға жалға беру шарттарына сәйкес келмейді", - дейді сатушылардың бірі.

Ол өзге әріптестерімен бірге 3-4 жыл бұрын ашылған жаңа павильонда жұмыс істейді. Сатушылардың сөзінше, бұған дейін жалға беру құны өзгермеген.  

Ал базар әкімшілігі жалға беру құны өзгергені туралы ешқандай хабарлама болмағанын алға тартты. Олардың сөзінше, Көк базар бұрынғы баға бойынша жұмыс істеп тұр. 

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев