USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасағандар ұсталды (видео)

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасағандар ұсталды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олардың бірі – 30 жастағы А. есімді азамат №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Қаскөйдің олжасы Samsung телефоны болды.

– Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір оңай ақшаны ұнататын азамат ұсталды. 40 жастағы К.есімді азамат, №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.