USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу аудандық полиция басқармасына 33 жастағы әйел арызданған, оның айтуынша, түскі уақытта 130-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу оның 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен.

– Жедел-іздестіру шаралары қаскөйдің жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Ол 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. “Ізін суытпай” ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс