USD
USD
USD

Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген азамат жауапкершілікке тартылды

Желі арқылы таралған фактілерге сәйкес, Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген жолаушы құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz .

Алматыда қоғамдық көлікке атпен кірген азамат жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 12-маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж-ны анықтады. Ол қателігін бірден мойындап  407-2 ҚР ҚБ 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деп хабарлады Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.

 Тасымалдау кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, 407-2-бабында заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатыны атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City