USD
USD
USD

Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей жазаға тартылды

Алматыда жаз басында қызметтік көлігімен абайсызда адам қағып, мерт қылған полицейді сот екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, тағы 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей жазаға тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, сотталушы есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 29 170 теңге көлеміндегі қаражат жәбірленушілер қорына мәжбүрлі түрде өндіруді міндеттеді. Бұрынғы полицей енді жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтейтін болады.

Естеріңізге сала отырайық, биылғы жылдың 14-ші маусымында Алматы қаласындағы Өтемісұлы көшесінің бойымен қызметтік көлікпен келе жатқан жол патрульдік полициясының қызметкері Бақтияр Төлетай алдынан шыққан машинаға соғылмау үшін сол маңдағы көлік жуу бекетіне қарай рульді бұрып жіберген.

Соның кесірінен, көлік жуу бекетінде тұрған 50 жастағы әйелді қағып, Газель маркілі автокөлікке соғылған. Ауыр соққы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмады. Марқұм сол бекетте еден жуушы болып жұмыс істеген екен. Апатқа кінәлі полицей көз жұмған әйелдің туыстарынан оқиға абайсызда болды деп, кешірім сұраған еді.

"Сол жерде әйел адамды қағып кеттім, байқаусызда. Кінәмді толық мойындаймын. Сол кісілердің отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын. Өз кінәмді толықтай мойындаймын", - деген жол патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері Бақтияр Төлетай.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды

Пышақ жарақаты

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы