Алматыда қыз-келіншектердің цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қатысу мүмкіндігі сөз болды
Бүгін Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Techno women Almaty: Almaty – Digital heart» атты форумы өтті. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар қатысты.
Алматы, NEGE. Ол қазақстандықтардың бақытына арналған жаңа идеялар мен жобаларды ұсынатын қызықты және жарқын спикерлердің өз ойларымен бөлісетін алаңға айналмақ. Шараның басты мақсаты – технология саласында жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, жұмысын елге таныту. Онда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жайлы және ыңғайлы жаңа шешімдерді жүзеге асыратын прогрессивті әйелдер қауымдастығын құрылмақ.
«Techno women» қауымдастығы EduTech, FinTech, GovTech, HealthTech Digital, New Media және басқа да салалардағы компанияларда жұмыс істеп, шағын және орта бизнесте цифрлық қызметтер мен технологиялық стартаптарды дамытып жүрген қыз-келіншектерден құрылады. Оның атқаратын қызметі: жоғары технологиялар саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің кәсіби қауымдастығын құру және олардың осы салада кәсіби жоғарылауына ықпал ету; әйелдердің digital start up қозғалысының кең таралуына қолдау көрсету; қыздарды STEM пәндері, бағдарламалау, робототехника, компьютерлік дизайн, электронды коммерция мен басқа да салалас пәндер бойынша оқытуға қолдау көрсету; цифрлық экономикадағы жаңа мамандықтар туралы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоғары технологиялардың көмегімен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру; экономиканы цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңын құру; цифрлық экономикадағы гендерлік теңдікті қолдау; әйелдердің цифрлық экономикаға белсене араласуына жағдай жасауға бағытталады.
Сондықтан форум спикерлері қыздардың цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қатысу мүмкіндігін айтып, Алматы қаласының азаматтарға қолайлығын ұлғайтуға арналған IT жобалармен таныстыруды қолға алады. Сонымен қатар қызбалаларды бағдарлау мен жаңа цифрлық дағдыларға үйрететін программаны ұсынды. Жаңа технологиялардың көмегі арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп қаржылық тәуелсіздікке ие болудың жолдары жайлы сөз қозғайды. Ол үшін бүгін BTS Education электронды коммерция мектебі мен жоғары технологиялар саласындағы қыздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған менторинг бағдарламасы сияқты тегін жобалар бар. Іс-шарада қыз балаларға жаңа цифрлық әлемде бәсекелестіктерін арттыруға мүмкіндік беретін Jumysbar-дан SMM мен Product Management бойынша, Geometry-ден Power BI-дегі деректер аналитикасы бойынша және бағдарламалау мектептері мен өзге де білім беру бағдарламаларының сертификаттары ойнатылды.
Қазір оқып жатыр
Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы
Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады
«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті
Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр