USD
USD
USD

Алматыда кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі берілмек

Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің есімін беруді ұйғарды.

Алматыда кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп, компанияның кез келген іс-шарасын әрдайым қолдап келді. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтап, Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қосқан баға жетпес үлесін ұмытпағанын қалаймыз. Сондықтан ойымызға Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді», – деді Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиісті қызметтер бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, мүмкіндік болған жағдайда компания бірден идеяны жүзеге асыруға кіріседі.

Еске салайық, Фархат Әбдірайымов 20 мамырда Грузияда қайтыс болды, онда ол жаңа жобаның түсірілімінде болған. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы