USD
USD
USD

Алматыда кибер-полицейлер пайда болмақ

Алматы академиясы онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда кибер-полицейлер пайда болмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академия бастығының орынбасары Жанат Ділбарханованың айтуынша, соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтары көбейген. Қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кірісті. Қашықта отырып қарапайым адамдарды сан соқтыратын қылмысқа қарсы күресу үшін академияда мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім былтыр қабылданды. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретпек.

«Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр», - дейді Жанат Ділбарханова. Сонымен қатар, ол аталған қылмыспен күрес мамандығына тәжірибесі бар кадрлар тартылып отыр. Оларды дайындауға басқа да ұйымдар мен мекемелер атсалысады.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға