USD
USD
USD

Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің слеті өтуде

Слет ҚР Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың тапсырмасымен республикада алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлады Polisia.kz.

Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің слеті өтуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған іс-шараға ІІМ КПД Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Р.Дюсетаев, Алматы академиясының басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы, “Kazdream special systems” ЖШС өкілдері қатысты.

Слетте “Қазақстан Республикасындағы киберқылмысқа қарсы күрес: жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары” тақырыбында баяндама жасаған ІІМ КПД киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Р.Дюсетаев Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырылуы мен қазіргі жағдайы, киберқылмысқа қарсы қылмыстарды анықтау мамандарын даярлау жайлы кеңінен мағлұмат берді.

 Үш күндік слет кезінде ұялы байланыс компанияларының провайдерлері номер ауыстырумен байланысты интернет-алаяқтар туралы да түсіндірді. Интернет желісінде жасалатын алаяқтықтарды анықтау мен ашу проблемаларына арналған слетке қатысушыларға слет соңында сертификаттар тапсырылады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев