USD
USD
USD

Алматыда кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашылады

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты, кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды.

Алматыда кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші кезеңде Бостандық («Қазақфильм» шағынауданы), Әуезов (Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі) және Алмалы (Гоголь – Масанчи көшесі) аудандарының жәрмеңкелері қызметін қайта бастайды. Олар өздерінің жұмыстарын осы демалыс күндері: 19-20 қыркүйекте бастайды.
Қалған  «демалыс күнгі» жәрмеңкелерін ашу мәселесі қосымша қаралатын болады.
Барлық нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптары (бетперделер мен антисептиктердің, келушілерге арналған термометрияның болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы) қойылады.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция