USD
USD
USD

Алматыда қазақстандық өндірушілерінің Ulttyq Ónim көрмесі басталды

Алматыда отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы көрмесі басталды.

Алматыда қазақстандық өндірушілерінің Ulttyq Ónim көрмесі басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда 300-ден астам қазақстандық, оның ішінде 30 алматылық компания өз өнімін ұсынады. Ашылу салтанатында қала басшысы Ерболат Досаев атап өткендей, Алматы кәсіпкерлер қаласы болып табылады, ел экономикасының бестен бір бөлігін және республикалық бюджет кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді. «Бүгінде шағын және орта бизнес қалалық экономиканың 57,5%-ын қалыптастырады, қалалық жұмыспен қамтудың 87%-ы соған тиесілі. Әрбір үшінші жұмысшының өз бизнесі бар», - деді қала басшысы.

Көрмеде «Халық Таңдауы» дегустациялық байқауы өткізіліп, сән көрсетілімі өтеді, сонымен қатар, жүлделер ойнатылады.

Бұған қоса, мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келген тауарды өндірушілердің өз бағасымен сатып алуға болады. Бұл азық-түлік, киім, аяқ киім, жиһаз, химиялық заттар, жабдықтар және т.б. Көрме 5-7 мамыр аралығында «Атакент» ҚІЫО-ның 11-ші павильонында өтеді

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе