USD
USD
USD

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр

Алматыда 1 мамыр мерекесіне орай, концерттер мен музыкалық қойылымдар өтіп жатыр. Қаланың басты музыкалық шоуы Абай алаңында өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. 

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Концерт "ЖасStars" тобы мен "Салтанат" ҚР би ансамблі орындаған "Қазақстан - достық бесігі" вокалдық-би композициясымен басталды. 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус өнерімен тәнті етті. Сахнада өнерпаздар кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және т.б. ұлттың билерін биледі.

Мерекелік бағдарлама Абай алаңында сағат 18:00-де "Достық әні" концертімен жалғасады. Сахнада Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және КeшYou тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе