USD
USD
USD

Алматыда қаза тапқан курсанттың денесі арнайы бортпен жеткізілді

  Алматыдағы террорға қарсы операция барысында қаза тапқан курсант Мейірхан Бітімнің денесі туған жеріне жеткізілді.

Алматыда қаза тапқан курсанттың денесі арнайы бортпен жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мырыш табыт Ақтау әуежайына арнайы бортпен әкелінген. Марқұм небәрі 20 жаста еді. Көпбалалы отбасында өскен ол ҚР ҰҚК-нің шекара қызметі академиясының екінші курсында оқыды. Мейірхан Алматыдағы бүлікке қарсы ерлік көрсетті.

ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі Нұрлан Темірғалиев: "Бұл күллі Қазақстан үшін әрі ұлттық қауіпсіздік үшін үлкен қайғы. Марқұмның туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Әскери кәсіпті таңдап, ҰҚК шекара қызметі академиясына түссе, офицер болуды, ел іргесін қорғауды қалаған ғой. Сол академияның аумағында жарақат алып, көз жұмды", - деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler