USD
USD
USD

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Қарулы Күштердің офицері Сәндібек Хаировпен қоштасу рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің құрметіне ескерткіш орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салайық, 35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Хаиров әкімдік ғимаратын күзетіп жүріп қаза тапқан болатын. Ол шабуыл жасалған ғимараттан әскерилерді шығарып үлгерген, бірақ өзі қашып құтыла алмаған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне қойылатын ескерткіш Республика алаңында мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді лаңкестерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін ұрпақтарға арналады", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, Хайровтың отбасына материалдық көмек көрсетілетінін, пәтер бөлінетінін айтты. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі