USD
USD
USD

Алматыда қатерлі ісікті тегін анықтайтын шара өтеді

4-8 сәуір аралығында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді.

Алматыда қатерлі ісікті тегін анықтайтын шара өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулық апталығы шеңберінде 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді. Консультациялық қабылдау уақыты-14.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

«МСАК ұйымдарының онкологтары «Жасыл дәліз» бойынша жұмыс сағаттарында тексеру кабинетінде немесе жалпы практика дәрігерінің қабылдауында анықталған онкопатологияға күдікті пациенттерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады. Сондай-ақ, кез-келген күні емханаларда МӘМС шеңберінде әрбір жасы келген адам келесі тегін онкоскринингтерден өте алады:

1. колоректальды қатерлі ісік ауруына (50-70 жасындағы ерлер мен әйелдер);

2. Сүт безі обырына скрининг (40-70 жасындағы әйелдер);

3. Жатыр мойны обырына скрининг (30-70 жасындағы әйелдер).

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент