USD
USD
USD

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған “қылмыстық төрттік” ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды.

– Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алған, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Бопсалау дерегі ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. “Қылмыстық төрттіктің” қылмыстық әрекеттері құжатталды. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалды, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазір оқып жатыр

Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды

Ақша

Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Адам ұрлау

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды

Перизат Қайрат

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі