USD
USD
USD

Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды

Алматыда жас қыз бен жігіт масаң күйде Құранды қолдарына алып, балағаттаған. Олардың әдепсіз әрекетіне қандай шара қолдану керектігін енді имамдар шешпек, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қасиетті Құранды қорлаған қыз бен жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде келіншектің мас күйінде Құранды балағаттап жатқан видеосы әшкере болды. Ер адам кадр сыртында онымен қосылып әзілдескен.

«Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Олар - 1998 жылы туған Т. есімді азаматша мен 1996 жылы туған Л. есімді азамат. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберіледі», – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Сонымен қатар, құқық бұзушы өкінетінін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

«Кішігірім отырыс болды, біз алкогольдік ішімдік іштік. Нәтижесінде ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Бүкіл жамағаттан, әсіресе мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын», – деді Т. есімді азаматша.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов