USD
USD
USD

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында 16 сотталушыға қатысты аса ірі көлемде қаражат тарту арқылы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруда делдалдық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот айыпталушы А. мен іске қатысы бар өзге де азаматтардың 2017 жылдың мамыры мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырып, басқарғанын анықтады.

«Алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес, А. және басқалары «Q» ЖШС ашқан. Оған азаматтарды тартып, салымшыларға жоғары сыйақы пайызын уәде етіп, ақша қаражатын инвестициялауды ұсынған. Жоғарыда аталған ЖШС бұрын тіркелген салымшыларды жаңа салымшылардың жарналары есебінен ақшалай байытуға қызмет етіп келген.

Сотталушылардың жасаған бұл схемасы республика аумағында тыйым салынған қаржы пирамидасы болды. Бұл ретте ЖШС-нің Шымкент, Түркістан, Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында құрылымдық филиалдары болған. Өз кеңселерінде олар жаңа инвесторларды тартумен де айналысқан», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Ұйымдастырушылар жарнамалық науқандар жүргізген, кірісі жоғары инвесторларды тартып, салымшылар санын ұдайы арттырып отырған. Экономикалық қызмет көрсетуге лицензиялары болмағанына қарамастан, салымшыларды тартумен, оларға валюта нарығында ойдан шығарылған инвестициялық операцияларды ұсынумен айналысқан.

«Қаржы пирамидасы 1345 жәбірленушіге аса ірі көлемде – 6 136 223 773 теңге залал келтірді», - деп атап өтті ведомстводан.

Қылмыстық істі қарау кезінде сот шын жүректен өкіну түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, бес сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылып отырғандарын ескерді.

«Сот үкімі бойынша 16 адам аса ірі көлемде қаржы тарту арқылы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарғаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

15 айыпталушы 6 жыл 2 айдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарын басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - делінген сот хабарламасында.

Тағы бір айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енбеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар