29 Сәуір 19:23
...

Алматыда қару-жарақ сатып алу науқаны жүріп жатыр

Фото:

Алматы полициясы тұрғындардан заңсыз қару-жарақты сатып алу науқанын бастады.

Алматы, NEGE. «25 сәуірден бастап ел аумағында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу жүргізіліп жатыр. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жасалады. Аудандық полиция басқармаларында азаматтардың өз еркімен тапсырған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың техникалық жағдайын анықтау, төлемді белгілеу немесе ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту үшін комиссиялар құрылды», - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Полиция департаменті ескерткендей, ішкі істер органдарында тіркелмеген кез келген қару – заңсыз болып саналады және тапсырылуы тиіс.

«Кез келген мылтық, атыс қаруы, тегіс ұңғылы, травматикалық қару аумақтық полиция басармасына тапсырылуы керек. Қару қабылданған кезде, қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру үшін криминалистерге жіберіледі», – делінеді Алматы қалалық полиция департаменті хабарламасында.

Тегтер: