USD
USD
USD

Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыда тағы да қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қару-жарақ қоймасы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінің (Тергеу изоляторы) қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ қоймасын тапты.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласы Көкқайнар шағын ауданынан табылған Сайга және МР-18 ЕМ-М тегіс ұңғылы мылтықтары, жеті патрон, көру мен естуге әсер ететін екі гранатаға сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар