USD
USD
USD

Алматыда «КарСити» сауда орталығы маңында жарылыс болды

CarCity автомобиль бөлшектерін сататын сауда орталығы аумағында үлкен өрт болды.

Алматыда «КарСити» сауда орталығы маңында жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, үлкен ангар отқа оранған.

"27 қазанда сағат 12.56-да Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен техника құралдары жоғары деңгейдегі дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылып, Әуезов ауданы Ақсай-1А ықшам ауданына бет алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық ангар типіндегі техникалық қызмет көрсету станциясы отқа оранғанын анықтады, өрт сөндіру саптамалары берілді. Өртті сөндіру қиынға соқты, өйткені отқа оранған темір ангар одан сайын қыза түскен. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнер де бар болып шықты, сағат 13: 21-де жарылыс болды, өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл жерде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 60 жеке құрам және 13 техника жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты