USD
USD
USD

Алматыда қараторғайлар азайып барады

Тіпті талай ертегі тақырыбына арқау болған қарлығаштарды да көп көре бермейсіз. «Бұған табиғаттың ластануы себеп болуы мүмкін», – дейді экологтар. Ал биологтардың болжамы бойынша бұл құстардың азаюуының басты себебі бәсекелестікке байланысты екен. Яғни, қазір Алматыда «Майна» деп аталатын немесе «ауғандық» торғайлар қаптап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда қараторғайлар азайып барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көктемнің жаршысы саналатын қараторғай, қар еріп күннің көзі жыли бастағанда-ақ қала аспанында қалықтап жүретін. Ала жаздай табиғаттың сәнін кіргізіп тұратын осы құстардың кенеттен азайып кетуі бекер емес екен. Қазір олардың орнын ауғандық торғайлар басқан. Бұл құстардың жейтін тағамдары және қонақтайтын орындары бір болған соң бәсекелестік болады. Ал Майнаңыз кәдімгі торғайларға қарағанда үлкендеу. Сондықтан оларды ығыстырып тастауы мүмкін.

– Қараторғайлар мен майналардың ұқсастығы өте көп. Бірақ ауғандық торғайлар күштірек келеді. Сондықтан құстар тамаққа таласқан кезде әрине күші көптер басым түсіп жатады. Осы бәсекелестікке шыдамаған қараторғай мен қарлығаш секілді өзге құстар басқа жаққа ұшып кетуі мүмкін, - деді Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скляренко.

Ауғандық торғайлардың адамға еш зияны жоқ болуы мүмкін. Бірақ шектен тыс көбейіп кетсе, тағы болмайды. «Өйткені қала аспанында қалықтап жүретін қараторғайлар немесе қарлығаш секілді өзге де құстар мүлде жоғалып кетуі ықтимал», – дейді мамандар.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры