USD
USD
USD

Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалада орналасқан «Саду ARENA» спорт кешенінде «World Championship of Kyokushin-kan karate» әлем чемпионаты өтуде. Жарыс ката және кумитэ бөлімдері бойынша болып жатыр. Турнирге 12-17 жас аралығындағы жастар мен 36-85 жас аралығындағы ардагерлер қатысады. Татами шеберлері жиналған жарыс 26 қарашаға дейін жалғасады.

«Киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты Алматыда үш күн бойы өтеді. Бүгін ката бөлімі бойынша, ертең кумитэ бойынша жекпе-жектер болады. Жарысқа әлемнің 35 елінен 600-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан каратэшілердің дайындығы жақсы. Олар Алматы қаласында 40 күн дайындық жаттығуларын жасады. Біздің спортшыларымыз өздерін тек жақсы қырынан көрсетеді деп үміттенемін. Соңғы жылдары киокушин-кан каратэден спортшыларымыздың қоржынында әлем чемпиондығы, Азияны алтын медальдары бар. Бүгін де қыз-жігіттерімізден жақсы нәтиже күтеміз. Жалпы жарыс фавориті ретінде жапон спортшыларын айтуға болады. Дегенмен, қазіргі заманда логистика жақсы дамыған. Бірнеше жылдар бойы Жапония дайындалған өзге елдің де мықты спортшылары бар. Сондықтан бақ шаба ма, бап шама – оны татами көрсетеді», – деді Республикалық Киокушин-кан каратэ Федерациясының вице-президенті Әлімжан Молдағали.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.