Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулы шықты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулы шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, тамақтану орындары түн ортасына дейін жұмыс істей алады (бірақ шоттар 23.00-ге дейін жабылуы керек).

Базарлар жұмыс және демалыс күндері жұмыс істейді, алайда толымдығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Театрлар мен кинотеатрларда да толымдылық осындай болуы керек. Сауна, санаторий және бассейндерге де рұқсат етіледі.

Қызметкерлер саны 20 және одан көп ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс режиміне көшіруә тиіс. Сондай-ақ, 50-ге жуық адамның қатысуымен мәдениет объектілері мен концерт залдарының қызметіне рұқсат етілді.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустарда отыратын орын санының 75 пайызына дейін толымдықпен қатынауына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, балаларды түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының және білім алушылар саны бес адамнан аспайтын оқыту үйірмелерінің жұмысына рұқсат берілді.

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 15 ақпанда күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО