USD
USD
USD

Алматыда қар көшуі мүмкін

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда қар көшуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 21-22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар», – делінген ведомстваның хабарламасында.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, қалада ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

«21 сәуірде Алматыда күндіз жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел, екпіні 10 м/с-ден 23-28 м/с дейін. Ауа температурасы түнде + 5, күндіз +7 жылы болады», – деп хабарлаған болатын «Қазгидромет» РМК филиалы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy