USD
USD
USD

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі бар

Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынды.

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, күн күрт жылынып, жауын-шашынның жиілеуі мен қар жамылғысының тұрақсыздығына қарай, Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 2-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, қала тұрғындарын көшкін қаупі туралы хабардар ету бірнеше жолмен жүргізіледі: SMS хабарламалар, БАҚ, сондай-ақ магистральдық жолдар бойындағы 65 ірі медиабордтпен біріктірілген «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов